"Болат Назарбаев ешқандай да ауру емес, сап-сау". Бұл пікірді белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер Арман Шораев сұхбатында айтты деп жазады Рaryz.kz adyrna.kz сілтеме жасап.
"Болат Назарбаев ешқандай аурумен, ешқандай қатерлі ісікпен ауырып жатқан жоқ. Бұның бәрі далбаса! Жалған спектакль! Постановка! Біздің халқымыз кешірімді болғандықтан олар өздерінің арам пиғылдарын іске асырып, "бізді аясын" деп осылай жасап отыр. Болат та, оның балалары да мыңдаған қазақтардың көз жасы мен обалына қалғандарын біледі. Олар осындай амал-айламен өздерін жауапкершіліктен аман алып қалғысы келеді. Болат Назарбаев осыдан 7 ай бұрын Қанды Қаңтар кезінде елден қашып, өз аяғымен Қырғызстанның шекарасына өткен. Иә дәл сол баяғы қарны шартиған, 1 кг салмағын да түсірмеген Болат Назарбаев. Мен де дәл солай мүгедектердің арбасына отырып, қолыма планшет алып, өтірік сөйлей алмайтындай бірнәрсені жазып отыра алам. Сондықтан Болат Назарбаев ешқандай да ауру емес, сап- сау!", - дейді Арман Шораев.