Неге Ресей Ақтауда консулдық ашады?

Ресей Ақтауда консулдық мекеме ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Иван Волынкин ТАСС агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады Рaryz.kz . 

Неге Ресей Ақтауда консулдық ашады?
ашық дерек көздерінен

"Консулдық департамент желісі бойынша Ресей азаматтарының туристік ағыны көбейген аймақтарда біздің консулдық қатысуымызды кеңейту мәселелері белсенді түрде пысықталуда. Ақтау, Гродно, Канкун және Самарқандта Ресей консулдық мекемелерін ашу жоспарда бар», - деді Иван Волынкин.

Сонымен қатар Ресей Азия, Африка, Латын Америкасы және ТМД-дағы Ресей елшіліктерінің штат санын көбейтеміз деп отыр. 
Осы тұста: "неге Ақтауда? Неге Павлодар мен Петропавлда емес? Неге Қостанай мен Өскеменде емес? Әлде Ақтаудағы портқа байланысты ма?" деген сауалдардың тізбегі санаңа келеді.  Ақтаудың арғы жағында Иран, Әзірбайжан жатыр. Өткенде В. Путинның Иранға барғанын ескеретін болсақ, жауапты іздеп бас қатырудың аса қажеті де жоқ....