Ұлытау облыстық «Ақ жол» ҚДП филиалы ашылғаны туралы ақпарат қоғам белсендісі, ақын Әнуар Омарды біраз ойға жетелеген екен. Ақынның сезімтал жүрегі қоамдағы келеңсіздікті тап басқан екен деп жазады Рaryz.kz Әнуар Омардың Facebook парқшасына үңіліп.
"Ұлытау облыстық «Ақ жол» ҚДП филиалы ашылғаны туралы ақпаратты оқығанда көз алдыма көп нәрсе елестеп өтті.
Еліміздің саяси-қоғамдық өмірін дүр сілкіндірген саяси ұйым тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында терең із қалдыра алды. Елді дамытатын қандай да бір биік лауазымда отырған шенеунік емес рухы оянған халықтың жасампаз күші екеніне көптің көзін жеткізді. Билік тарапын да халықтың сесі сескендіріп-ақ тастады. Осы сергу мен серпілісті қытайша секіріске айналдыра алмағанымыз қандай өкінішті.
Жалпы сол кездегі «Ақ жол» партиясын әлсірету биліктің ең үлкен қатесі. Бұл еліміздің өміріндегі ірі саяси апат болды. Билік ресурсын «Ақ жолды» іріткі салып ірітуге жұмсағанша «Нұр Отанның» бәсекеге қабылеттілігін арттыруға бағыттағанда осы екі партия Отанымыз Қазақстан республикасын дамудың мүлде басқа, жоғары деңгейіне көтеретін еді. Бұл саяси апатқа баға беріп, одан сабақ алуға шақыратын саясаткер де, еліміздің саяси өмірін шынайы ғылыми тұрғыда зерттейтін институт та болмай отыр. Өкінішті әрі қауыпты. Бұл мәселеге жалғыз Әлихан Бәйменовты кіналі деп көрсетуге тырысатын мүдделі шағын топтың әрекідік жасайтын әрекеті және олардың қолтығына су бүркушілердің әлі де бар екендігі Қазақстанда саясатты елдің тағдырына және тарихына тікелей әсер ететін ғылым деп емес бизнес деп қарастыру әлі жалғасып отырғанын ғана дәлелдейді.
Керісінше тұтас мемлекеттік масштабта саяси төңкеріс жасауға қабылетті партияны құрып (оның қайнар көзі «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық қозғалысы болғаны бәрімізге белгілі), тез арада ықпалды, тегеурінді, ұстамды, саяси салқынқанды, сауатты күшке айналдыра алған, елдің ең таңдаулы қайраткер, зиялы, рухты тұлғаларын топтастыра алған осы Бәйменов емес пе? Осындай орасан еңбекпен құрылған, аяғына тұрған, тез танымалдығы артқан, жүз мыңдаған халықты соңынан ерте алған партияның дүмпуінен шошып кетіп, оны әлсіретуге, тіпті жоюға ондаған ресми қызмет иелері тынбай әрекеттенді емес пе? Оны сол кездегі ақжолдықтардың бәрі біледі.
Ендеше қалай ғана жалғыз бір адамды кінәлі санауға болады?.. Бұған жүздеген адамдар мен ондаған құзыретті органдар кінәлі. Мысалы танымал журналист Марат Асиповтың («Бутя қанды қаңтарды қалай ақшаға айналдырғысы келеді?») зерттеу мақаласында Болат Абилов, Жармахан Тұяқбайлардың «ҚДТ» қозғалысы,«Ақ жол» партиясы және олардың көшбасшыларының тағдырын жоғары билікпен (тікелей Н.Назарбаевтың қадағалауымен) қалай саудаға салғандары анық айтылған. Бұл мәлім болғаны ғана. Ал, қайсысының кінәсі қанша екенін тәуелсіз саясаттанушылар анықтап берулері керек. Әйтпесе мұндай саяси апаттар алдағы уақытта да қайталана береді...
P.S: Мен өзім Жезқазған аймағы бойынша филиалының жетекшісі болған «Ақ жол» туралы айтып отырмын. Қазір «AMANAT» партиясының мүшесімін"- деп жазады Әнуар Омар.