Жазушы Сәбит Мұқановтың 1971 жылғы Кенесары Қасымов жайлы жазған жазбасыбіраз адамға ой салары анық деп жазады Рaryz.kz PARANOIA.kz чатына сілтеме жасап.
«...Есенберлиннің кітаптары туралы айта кетейін. ... «Хан Кенені» орыс тілінде оқып шықтым. Әуезовтің пьесасымен үндес екен. Кітап біршама жаман жазылмаған.
Кенесары бүкілодақтық масштабта әшкереленген адам. Ол туралы қаулы осы уақытқа дейін бар күшін әлі жойған жоқ. Осыдан кейін мұндай кітаптың қалай жарық көргеніне қайран қаламын.
Тарихта екі Кенесары болған жоқ, біреу-ақ болған. Ендеше, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті бұл кітаптың шығуына неге рұқсат берді? Кенесарының іс-әрекеті Россияға жат, қарсы жүргізілді. Ал біздің Орталық Комитеттің қолдауымен осындай адам туралы кітап шығып отыр. Жұрт жабылып осы кітапты оқып жатыр. Біраз адамдар, студенттер ұлтшылдық ұрандар көтеріп жүр. Біз хандарды мақтауға неге жол беріп отырмыз?
Әрине, ескіні жазуға мен қарсы емеспін, бірақ хандық құрылысты мадақтаудың қаншалықты қажеті бар еді? Халықтардың арасын ашып, араздастырған, тарих әшкерелеген осы бір өлікті қайта тірілтудің қаншалықты қажеті болды.
Бұл кітап жастарға керісінше әсер етіп, ұлтшылдық сезімін өршіте түседі. Жазушының жалпы тарихқа көзқарасы дұрыс емес. Ал бұл жақсылыққа әкелмейді, зиянын тигізеді»
Пікір авторы СӘБИТ МҰҚАНОВ,
Үкімет Үйі. Алматы. 26.05.1971.
Соңғы жылдары жазушы Сәбит Мұқановқа қатысты түрлі пікір айтылуда. Мына пікірін бүгін оқыдым. Жалпы Сәбит Мұқанов соңғы уақытта көпшілік жазып, айтып жүргендей қазақ ұлтшылдығына қарсы азамат болған ба, әлде саяси ойынның құрбаны болуда ма?" дейді PARANOIA.kz чатында.
Бұған жазылған комментарилерде: "Қазақ тарихын сонау Алтын Орда дәуірінен бастап кешегі Кенесары Ханымыздың заманына дейін алты томдық роман етіп дәл Илияс Есенберлин сияқты ешкім суреттеп жаза алмас еді. Кейінгі тарихшыларымыздыңарасында Илияс Есенберлин атамызға қарап бой түзеп, соның сара жолымен жазатын тарихшылар көбейді. Есенберлин Қазақ тарихының жол көрсетуші тұғыры ең биік тау тұлғасы болып қала береді. Ал Сабит Мұханов және т.б Илияс Есенберлинді қаралайтындардікі көре алмаушылық және сатқындық. Басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын. Алтын Орда триллогиясы мен Көшпенділер триллогиясын оқыған адам нағыз Қазақ екенін сонда сезінеді.", "Системаның құрбаны деп ойлаймын"; "Мұқановтың кітаптары оның ұлтжанды екенін білдіреді, әсіресе "Қазақ халқының шежіресі" кітабы (тура осылай аталмауы да мүмкін, көп жыл бұрын оқыған едім).", "Кенесары хан жайында кім не десе де, "халқым " "жерім" деп, соңғы демі қалғанша басқыншыларға қарсы күрескен ұлы тұлға ", "Сәбит те Ілиястың туындысын, еңбегін көре алмай жазған шығар. Негізі Кеңесарыны көшпенділер кітабында жақсы бейнелеп жащған, бірақ толық ашып жазды деп айтуға келмейді. Өйикені, жазушының шеберлігі, білімі, көзқарасы, одан кейін кітаптын көркемдік формасы жоғалмау үшін, сол уақыттағы кеңестік дәуірді ескерсек, көптеген ислами, ұлттық құндылықтар ашылмай қалғаны аңық.", "Маған салса Мұқанов көшесінен атын алып тастар едім. Қазіргі мақтабастардан ешқандай айырмашылығы жоқ" деген жазбалар қалған.