Инсайдерлік дереккөздердің мәліметіне қарағанда "Ескі Қазақстанның" саяси тапсырыспен құрастырылған қылмыстық істерінің бірі - әкелі-балалы Матаевтарға қатысты қылмыстық іс Жоғарғы сотта қайта қаралмақ деп жазады Рaryz.kz.
Белгілі болғандай, жақында еліміздегі сот өндірісі мен әділеттілікке қатысты маңызды өзгерістер орын алмақ.Танымал адвокат Джохар Утебеков жағымды жаңалығын: "көп уақытты алған жанкешті еңбек жақын арада өз жемісін бермек. Бас прокуратура қылмыстық істі ұзақ уақыт қарап, ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсетке қатысты шыққан әділетсіз үкімге наразылық білдірді»- деп көпшілікпен бөліскен болатын.
Утебековтың жазуына қарғанда көпшілік Матаевтардың ақталуын күтуде. Ел бойынша әлеуметтік желілер мен БАҚ бас прокурордың наразылығын депутаттар, журналистер мен қоғам белсенділері қолдады. Бұл істі халықаралық қауымдастық та назарда ұстамақ.