Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Украинадан перемоганың иісі шығады

Мына американдық "Хаймарс"   сұрапыл қару екен, бір  ақыр заман қаруы. Ресей әскерінің қару  - жарақ қоймаларын от тиген  жыңғылдай өртеп жатыр.  Біршама бас штабқа дәл тиіп ондағы ресейлік дәрежелі  офицерлер тірі мүсін боп  үйітіліп кетті деп жазады Рaryz.kz болгер Олжас Әбілдің Facebook-тағы парақшасына сілтеме жасап. 

Украинадан перемоганың иісі шығады
ашық дерек көздерінен

Он шақты күнде дәлдеп тұрып 50 шақты әскери  нысанды жай түскендей қылды.

Қазір басқыншылар  түтінге тұншығып абдырап асып  - сасып қалды десе болады. 

Кез келген соғыстың тамыры тылдағы қару жарақ қоймасы емес пе, онсыз соғыс бола ма.
Соларды  украин  - американдық жойқын қару  дәлдеп тұрып кесіп жатыр.
Ойнақтаған орекең от басты десе болады, оның тыл  қоймаларында қару жарақ қалмаса, оның  сарбаздарына   қылыш  - найза,  рогатка,  оқтау,  таяқ ұстап, кесек  -  тас, тезек  - жапа  атысып соғысудан басқа жол қалмайды. 

Украин әскері сәуір  - мамыр айлары  қатты шығынға ұшырады, украин қырылып қалды.  Тіпті артиллериялары күйреп ататын оқтары қалмаған екен (Арестовичтен).  
Бұл екі айда ресейлік басқыншы біраз ұпайын түгендеп алды.    
Бірақ қазір украин әскері қайта қаһарына мінгендей.  

Екі аптадан бері орыс басып алған Херсонды қоршаулап жүр.  Үлкен шайқасқа  дайындық жасап жатыр. Херсонның тас  - талқанын шығарып бомбалап,  атқылап азат етейін десе... ол өз қаласы, қаншама тұрғындары опат болады, шығыны зор. 

Украин содан  біраз ойланып отырған болу керек,  соны жан жақты кесіп пішіп отырғанға ұқсайды. 
Пайымдауымша,  осы Херсонды азат ету операциясы сәтті шықса,  украиндықтар осы нұсқаны басқа   басқыншы басқан қалаларына да қолданатын болады. 

Күллі әлем ютубтен украин арнайы қызметтері  жариялап жатқан  орыс әскерінің өзара немесе туған  -  туыстарымен сөйлескен әңгімелеріне қанық боп отыр.  Ондағы жағдай мәз емес.  
Орыс әскерінің жүні жығылған,  руһы түскен, қасапханаға кірген малдай қырылып жатыр. Телефон желісіндегі боғауыз тұнған әңгімелер соны хабардар етеді. 
Әскер сапында соғысудан бас тартқан "отказниктер"  ырғын көп.  Украин  әскері қолын  қатты батырып жіберсе путиннің әскері қашқалы тұрған киік сияқты.  

Біздікі жәй жорамал ғой әрине,  сондай бір жорамалым  -  украин қарулы күштері осы қалыптан танбай  әдемілеп тұрып енді  2 — 3 ай қысса,  ресейлік әскердің біршамасы тым  - тырақай қашып,  біразы қол көтеріп  беріліп ию  - қию болып берекесі кететін  сияқты.  
Істің жобасы соған бара жатыр.   
Путин ресейде жаппай мобилизация жариялауға дайындалып жатыр деген сөз шығып жатыр.  

Жаппай мобилизация дегеніміз  -  оқ дәрінің иісін сезбеген бейбіт өмірдегі еркек кіндіктінің әскер қатарына тұруы деген сөз. 
Және оларды керек жарақпен жабдықтауға жүздеген  зауыт  - фабрика жұмыс істеуі керек. Оған қыруар қаражат керек, оқытып тоқытуға біраз уақыт дегендей.. 

Осы жерде тағы да Украинадағы соғыс шебіндегі  орыстың кәсіби әскері анадай боп шашылып жатса,  мобилизациядан келген "жас иістен"   қандай пайда болады екен деген  сұрақ та  туындайды. 


Одан арысы,   орыс әскеріне  жаңа толқын келген уақытта  Украинаға "ленд лиздің"   бүкіл қаруы жетеді. Ол кезде қазіргі  10   "хаймерс" 100 "хаймерс"ке көбеюі мүмкін. 
Яғни, ол кезде  Украин әскері қандықол қасапшыға, мүшелеп  тураушыға  айналады.  Бұрын  бір кесек ет тураса,  енді бес кесек турар. Қарқын алған Украин үшін   Ресей мобилизацияның мағынасы сондай болар.  
 
Сөздің қысқасы,  Украин Қарулы Күштері қазір  қаһарына мініп шабуылға шыққалы отыр. Перемоганың иісі шығып жатыр.