БАҚ хабарлаған қарыз алушының жағдайын жақсартатын осы және басқа да бірқатар түзетулерге Демократиялық партияның «Ақ жол» фракциясының депутаттары бастамашы болды деп жазады Рaryz.kz.
Бірақ егер пайыздық «есептегішті» тоқтатқаннан кейін бәрі азды-көпті түсінікті болса, кепілді ауыстыру мүмкіндігі туралы ережені нақтылау қажет.
Демек, бұл ереже кәсіпкерлерді несие берушінің жосықсыз әрекеттерінен қорғауға бағытталған. Кәсіпкер несиенің барлық сомасын дерлік өтегенімен, соңғы сәтте бірдеңесі дұрыс болмай қалған мысалдар көп. Содан кейін банктер барлық кепілді тартып алады (естеріңізге салайын, аффилирленген бағалаушылар оны төмендетілген құнмен бағалап, осы бағалаудың 70%-дан аспайтын сомасымен қамтамасыз ету ретінде қабылданады, бұл сайып келгенде, кепілдің несие сомасынан екі есе асып кетуіне әкеп соғады). Яғни, кәсіпкер барлық сомамен бірге пайызының негізгі бөлігін қайтарады, бірақ бизнесі мен мүлкінен, тіпті жалғыз баспананан айырылады.
Сонымен қатар, кейбір жағдайларда несие беруші бизнесті тартып алу мақсатында борыштық міндеттемелерді желеу етіп несиені түпкілікті қайтаруға әдейі кедергі жасайтыны туралы да ақпараттар бар.
Дәл осы тәжірибені тоқтату үшін, бірқатар кәсіпорындар заңгерлерінің ұсынысы бойынша мен осындай түзетуді енгізгенмін, ол ақыры (қарсыластармен табанды пікірталастардан кейін) қабылданып, аталмыш түзетуге президент қол қойды. Бұдан былай несиенің 90 пайызын өтеген кәсіпкер немесе ипотекалық қарыз алушы кепілдегі негізгі мүлікті босатып, яғни, банктердің кепілді тартып алу қаупінен арылып, кепілді қарыздың қалған сомасына (10%) ауыстыруға құқылы.
«Ақ жол» демократиялық партиясының еліміздің кәсіпкерлері мен азаматтарын қорғауға қосқан тағы бір шағын үлесі.
Ал, қазіргі алқымнан алатын қымбатшылық байқалған кезде бұл ел азаматтары үшін айтарлықтай жеңілдік...