Әлеуметтік орталықта мүгедек балаларға арнап бассейн салуға бюджеттен 207 миллион теңге бөлінген. Шенеуніктероны қолды қылып, бассейнді 24 миллионға салған деп жазады Рaryz.kz time.kz сілтеме жасап.
Жуықта Нұр-Сұлтан қаласының аудандық соттарының бірінде "Нұрлы - Жүрек" орталығына бөлінген қомақты қаржы бойынша сот үкімі шықты. Аталмыш мекеме психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды 29 жасқа дейін қамтиды.
Осы балалардың өмірлерін шуақты ету үшін қала әкімдігі бассейн салуға қаржы бөлген. Алайда, мердігер тендерде көрсетілген сомманың шамамен 10 пайызына ғана құрлыс нысанын салып, қалғанын үптеп кеткен. Бұл қылмыс үшін сот алдында орталық директорының орынбасары мен мердігер ұйымның екі өкілі жауап берді.
"Нұрлы - Жүректе" дені дұрыс бассейн салу туралы жоспар 2016 жылдан бері әбден піскен. Орталық директоры Серік Бөпежанов пен оның орынбасары Равел Меңдібаев мүгедек балаларға бассейннің керектігі туралы өз жоспарларын қала басшылығына әбден жеткізген.
Осыған сәйкес, мекенме жаңа бассейн салу туралы өтінім беруге тиісті болса да, олар жоқ бассейнді жөндеу туралы бюджеттік өтінім берген. "Нұрлы - Жүрек" неге мұндай шешім қабылдаған? Тергеушінің сөзіне қарағанда, мемлекеттік сатып алуды жеңілдету мақсатын көздеген.
Бассейнді жөндеу жұмыстары бойынша тек дефектілік актіні дайындау қажет болатын. Ал, астаналық әкімшіліктің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тапсыратын акті басынан бастап жалған құжат болған. Мәслихат та осындай игілікті іске аямастан 207 миллион тенге бөліп жіберген.
Бұдан кейін, орындалмай қалған конкурс жарияланған. Соңынан Бөпежанов "Еңбек-Өскемен РМК бір көзден келісім-шарат жасасады. Ал, бұл кәсіпорын ІІМ қарасты Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты. Бұл кәсіпорын колониядан тыс жерлерде құрлыс-монтаж жұмыстарымен айналысады.
Айтары жоқ. Десе де, мемлекеттік кәсіпорынмен келісім формальды түрде жасалған. Өйткені қаржы ақшаны қолма-ққол айналдыратын фирмалар арқылы аударып, өзара бөліске салған. Ал, бассейнді кәдімгі жарнамаарқылы жинаған шаруақор жұмысшылар салған. Олардың еңбекақысы қолма-қол ақшамен төленген. Жалпы есептегенде директордың орынбасары Меңдібаевтың есептеуінше бұл жұмысқа бөлінген 207 миллион емес, 24 миллион теңге ғана жұмсалған.
Серік Бөпежанов сотқа дейін қайтыс болды. Соған сәйкес, оған қатысты қылмыстық іс қысқарды. Ал, Равель Меңдібаев өз кінәсін сыбайласа отырып көмектесу жағынан ғана мойындады. Қаражатты өлген бастығыұрлаған болып шықты. Ол тек мердігерлермен ғана келіскен.
Ал енді "Еңбек-Өскеменнің" басшылар болса, заңға қарсы әрекет жасамағандарын, қызметтерін ең жоғарғы деңгейде көрсеткендерін мәлімдеді. Асхат Құдайбергенов пен Александр Ткачук кіналарын мойындамады. Нәтижесінде Ткачук пен Меңдібаев әр қайсысы 7 жылға бостандықтарынан айрылса, Құдайбергенов - жарты жылға көп алды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Ең қызығы, сотта бассейннің тендерде ойнатылған соммасының тек тоғыздан бір бөлігі туралы ешкім жақ ашпады. Міне әңгіме қайда?
Сайтқа ықшамдаған Мақпал Орынбетова