Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Нұр Отан" партия болып па еді?

Бұрынғы "Нұр Отан" партиясы туралы "Ақ жол" ҚДП төрағасы Азат Перуашевтың   мына пікірі көптің пікірімен үндес деп жазады Рaryz.kz.

"Нұр Отан" партия болып па еді?
ашық дерек көздерінен

"Нұр Отан" ешқашан партия болған емес. "Нұр Отан" мемлекеттік бюрократиялық аппарат болды. Олай дейтін себебім, президент аппаратынан бастап, облыс, қала, аудан, ауыл әкімдеріне дейін осы партияның мүшесі болды, осы партияға қызмет жасады. Мемлекеттік сатып алу қызметіне дейін осы партияның мүддесіне қызмет етті. Енді, президентіміздің мемлекет басшысынан бастап әкімдерге дейін ешбір партия мүшесі болмауы керек деген ұстанымы - принципті шешім болды.  Өйткені билік "НұрОтанға" дауыс бергендерге ғана емес,бұл партияға  дауыс бермеген халыққа да қызмет етуі тиіс деген сөзі біздің париямыздың ұстанымымен сәйкес келетін тағдырлы мәселе" - деді Азат Перуашев.