Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ел естісе, күледі-ау?

Қаржы пирамидалары туралы таңғажайып хикая. ҚР Қаржы мониторингі бойынша агенттік басшысы Жанат Элимановтың жұбайы қаржы пирамидасына 76 мың доллар құйып, кейін сотта бұл әпкемнің ақшасы еді деген. Артты ашу деген осы деп жазады Рaryz.kz  t.me/kozachkow сілтеме жасап.

Ел естісе, күледі-ау?
ашық дерек көздерінен

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі басшысының әйелі қаржы пирамидасына 75 мың доллар салған. Бірақ, кейіннен бұл қаржы өзгенікі деп сендірді. 

Өкінішке орай, қаржы пирамидалары біздің өмірімізге мықтап енген сыңайлы. Соңғы кездері мен қаржы пирамидалары туралы жазбай кеттім. Өйткені, мұнда қаржы пирамидаларының құрбандары өздері кінәлі. 

Әрине, қаржы пирамидаларының құрбандарының арасында өздерінің сауатсыздықтарына байланысты жылдық 200 пайыздық табыстың болмайтынын білмейтіндер де кездеседі. Қаржы пирамидалары қалай тез құрылса, солай тез құриды. Құдайға шүкір, Мейіржан құрықталды. Енді бұл тақырыпты біраз уақытқа жаба тұрсақ болады.  Бірақ, ерекше жағдайлар болмаса...

Мәселен, ITrade Consulting Group. Дәл осы пирамидаға байланысты жуырда Алматы қаласының Бостандық аудандық соты іс қарауды бастады. Шындығына келсек, ақымақтық: бұрыністі болған Баян Якупова бастаған бірнеше тәтелер супер табыс туралы ауыздарынан су ағып баяндайды. Соның буымен 9 бикеш Алматының "Нұрлы Тау" бизнес-орталығынан, оған қоса Қазақстанның  5 қаласынан кеңсе ашады. Өздеріңіз сезіп отырғандай, халық - нөпір...

Ең қызық жері - жарнамаға жалп еткендердің арасында Элиманва Ирина Викторовна бар.Таныс фамилия ия?

Кейін анықталғандай, Ирина Викторовна - ҚР Қаржы мониторингі бойынша агенттік басшысы Жанат Элимановтың жұбайы болып шықты. 

Мұны тағдырдың тәлкегі деуге болады.

Жанат Калдыбаевич аянбай қаржы қылмыскерлерімен күресіп жүргенде, оның әйелі қаржы пирамидаларының біріне 75 мың 980 АҚШ доллар құяды. Басқаша, айтқанда 30 миллион теңге далаға кеткен.

Қаржы пирамидасы құлап, өзімен бірге біраз адамның табыс табатын үмітін қоса жерлеген кезде, Ирина Викторовна өтініш жазып, сотта қылмыстық іс бойынша жапа шегуші болып танылған. Бастапқыда сот отырысына бармаған Элиманова, кейіннен бұл қаржының өзінікі емес, әпкесінің ақшасы деп мәлімдеген. 

Ирины Викторовнаның позициясы бір-екі күнде өзгеріп шыға келіп, 30 маусымда 76 мың доллар өзінен шыққан шығын екендігін, сот отырысын өзінің қатысуынсыз қарауын сұрап, өтініште жазылған жайтты толығымен растайтынын мәлімдейді.  

Ал, шілденің 4күні (небары 5 күннен соң!) Элиманова сотқа жаңа өтініш тапсырып, өзінің орнын әпкесінің басуын сұрайды. Ол ақшаны әпкесінен алып, қаржы пирамидасының кеңсесіне апарып берген. Шығын өзіне емес, әпкесіне келген. Сот Роман Селицкий алдындағы жәбір шегушінің өтінішін ешқандай проблемасыз қанағаттандырады.  

Бір сөзбен айтқанда, Элиманова ханым өзінің қаржы пирамидасына құйған қаржысын бөгде біреудің білгенін қаламайтындай. Кім біледі, күйеуінің жұмысындағылар біліп қойса, оны елдің түсінбеуі де мүмкін...

Сөйтіп, күн тәртібіне Ирины Викторовнаның тергеу барысындағы жауаптары қайда қалады? 

Бәлкім, Элиманова ханымның іс-әрекетінде "ҚР Қылмыстық кодекстің" 420 бабында қарастырылғандай "біле тұра жалған айғақ беру"  жоқ па?  Өйткені ол не полицияны, не сотты алдаған болып тұр ғой? - деп жазған М.Козачков.