Осыдан 80 жыл бұрынғы ІІ Дүниежүзілік соғыстағы КСРО-ның жеңісіне үлес қосқан АҚШ ленд-лиз арқылы жасаған көмегі, Ресейдің қазіргі сәттегі әскери қуаты туралы нақты деректермен айтқан.
"Ресей Украинаға соғыс ашқан 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап, Украина тек өз елінің тұтастығы мен халқының бостандығы үшін соғысып жатқан жоқ. Украина халқы ТМД құрамына кіретін барлық мемлекеттердің демократиялық бағытта дамуы үшін соғысып жатыр делінген болатын. Бүгінгі күннің ақиқаты осы. Сондықтан да, қазақ халқы осы бір қысылтаяң шақта украин халқына қолдан келгенінше, бірнеше дүркін гуманитарлық көмектерін жіберді"- дейді қоғам белсендісі А.Шураев.
"Іріген ауыздан шіріген сөз шығады"- десек те, халқымыз монолиттей тұтас болса, біз еңсермейтін қиындық болмайды. Ал, соғыстың беті әрі болсын!