Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақтың қор болған мұнайы...

"КТК-Р" АҚ үздіксіз жұмыс істейтін кәсіпорын. Оның қызметін дереу тоқтатса, өндіріс процесіне орасан зор зиян келуі мүмкін. Осыған орай қоғам белсенділері әлеуметтік желілердегі парақшаларында пікірлерін білдіруде. Рaryz.kz Facebook -тегі журналист Оңғар Қабденнің парақшасына үңілді 

Қазақтың қор болған мұнайы...
ашық дерек көздерінен

 ТК мұнай құбыры арқылы Қазақ мұнайының 80% экспортқа шығатын еді. Осы арқылы Қазақстан айына 500 миллион доллар табыс табатын. Ресейліктер бізді осы жеп отырған нанымыздан айырды. Онымен қоймай, Лавровтың Қазақстан біздің  ең жақын досымыз дейтіндерін қайтерсің. 
 КТК құбыры бұл біздің жанды жеріміз. Содан болар бүгінгі жиналыста Тоқаев басты бағыт – Транскаспий бағыты депті. 

  Жақында ғана Тоқаевтың Иранға сапар шегіп, артынан түркіменге табан тіреп Аркадагты орденмен марапаттап қайтқанын ескерсек, болашақта біздің мұнайдың құбыры Әзірбайжан, Түркіменстан мен Иран бағытына бұрылатын сияқты.
Бағана ғана "Қазмұнайгазға" реализацияны дұрыстап жүргізіңдер, Теңіз жобасына инвесторлар тарту мүмкіндігі бар деген сөзі орыстардың төбе шашын тік тұрғызды. Бұл деген сөз біз Ресей бағытындағы құбырды керек етпей басқа жақтан құбыр тартамыз деген емеурін. Ресей қит етсе краникты жабамыз деп, айналасын да, Еуропаны да мезі қылып еді.

  Енді тезірек инвестор келіп, Транскаспий жобасын іске асырсақ екен. Ешкімге жалтақтамай өз мұнайымызға өзіміз еге болар едік. Батыстағы жұмыс іздеген ағайынның жұмыссыздық мәселесі де шешімін табар еді.
Көрінген ит пен битке қор болған қазақтың мұнайы-ай!