Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

НАТО екі елмен толықты: ратификациялау басталды

Бүгін Финляндия мен Швецияның Сыртқы істер министрлері НАТО қосылу туралы хаттамаға қол қойды деп жазады Рaryz.kz шетел басылымдарына шолу жасап. 

НАТО екі елмен толықты: ратификациялау басталды
ашық дерек көздерінен

Швеция Сыртқы істер министрі Анн Линде мен Финляндия сыртқы істер министрі Пекки Хаависто маңызды құжатқа қол қойып, екі мемлекет бүгіннен бастап Альянсқа мүше болды. 

 

Ресей Украинаға басқыншылқ соғысын ашқан соң, Скандинавия елдері  альянсқа мүше болуға тілек білдірді. Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуға ниет білдіруін әскери одақ «тарихи оқиғаға» балаған. Альянсқа мүше мемлекеттер «екі елді қатарға қабылдау процесін жеделдетуге» уәде берген болаты.

Бұған дейін НАТО құрамында 30 мемлекет болып келсе, бүгінгі күні әскери одақ тағы екі елмен толықты. 

Сонымен, бұл одақтың Хельсинки мен Стокгольм үшін қандай маңызы бар? Рaryz.kz осы жағына үңілді.  

Екі елдің қосылғанынан НАТО ұтпаса, ұтылмайды. Қазіргі кезде Финляндияда шамамен 280 мыңнан астам әскер бар. Мұның сыртында бұл көрсеткіштен үш есе артық резерві тағы бар. Бұл – Альянс үшін айтарлықтай толығу. 

Ал, Швеция болса, қорғаныс күштеріне бөлетін қаржы көлемін көбейтіп, санаулы уақытта  елдің ішкі жалпы өнімнің екі пайызына жеткізетінін мәлімдеді. Оған қоса, Швецияда қару-жарақ өндірісінің айналымы жылына 3,5 миллиард еуро көлемінде. Бұл аз көрсеткіш емес. 

Ал, Қара теңізге НАТО базасы келетін болоды деп дабылдаған Ресей үшін Альянстың желкесіне жақындауы онша жағымды жаңалық болмауы мүмкін. Сондықтан, Ресейдің Балтық теңізі аумағына, әсіресе, Калининград пен Кола түбегіне ядролық қаруды орналастырғысы келуі мүмкін. Бірақ, діттеген жеріне жеткізу оңайға соқпайды. Өйткені Литва Калиниградқа темір жолды бұзды. Әуе жолы болса да жабық.