Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Украина қалпына қалай келтіріледі?

Халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырған мәселеге кеше Швейцарияда жауап іздестірілді. Шетелдік басылымдарға шолу жасаған Рaryz.kz сараптама жасап көрді.

Украина қалпына қалай келтіріледі?
ашық дерек көздерінен

Сонымен, кешегі Лугано қаласында өткен конференция немен аяқталды? Алдымен соған жауап іздеп көрейік. 

Ең бірінші Украинадағы соғыс аяқталуы керек. Әскери сарапшылардың пікірінше, бұл соғыс келер жылы бітуге тиісті. Өйткені, қанша жерден АҚШ пен Еуропадан ауыр соғыс қарулары келіп жатқанымен, Украинада қазір батыстың заманауи қаруларына зәрулік бар. 

Содан соң ғана, Украинаны қалпына келтіру үшін қанша қаржы керек деген мәселеге келуге болады. Бұл ретте пікірлер сан алуан: 700 млрд доллардан бастап, 1 трлн долларға дейінгі қаржы көлемі айтылуда. Ақшаның есепті жақсы көретінін еске алсақ, бұл сомма әлі де нақтылауды қажет етеді.

Украина ЕО, НАТО-ға кіруге бейілді болғанымен, елде реформа жасалған жоқ. Бұл ретте М.Саакашвилидің біраз жоспары болғанымен, билік оны жүзеге асыруға асықпады. Бұл ретте АҚШ бірқатар ескерту жасағанымен, коррупция бәз-баяғы күйінде. Коррупциямен күрес жөніндегі агенттікке жаңа басшы сайланбады.  Сондықтан қазір ешбір мемлекет ақшаны тікелей Украинаның өзіне бермейді. Ол айдан анық.

Соған қарағанда, соғыстан соң сырт елдерден тартылған қаржыны игеретін арнайы шетелдік  қызметтің құрылуы бек мүмкін. Бұл іске украиндықтар да тартылуға тиіс.  

Кешегі Луганодағы Украинаны қалпына келтіруге байланысты конференцияда премьер-министр  Д.Шмыгаль еуропалықтар қай өңірді қайсысы мойнына алатыны көрсетілген картаны жайып салды: 

— Ирландия – Ровноны,
— Германия – Черниговты,
— Канада – Сумды, 
— АҚШ пен Түркия – Харьковты,
— Чехия, Финляндия және Швеция – Луганскіні
— Бельгия – Николаевты,
— Швеция мен Нидерланды – Херсонды,
— Швейцария – Одессаны,
— Норвегия – Кировогорадты,
— Австрия – Запорожьені,
— Польша мен Италия - Донецкіні қолға алмақ.

Бұдан бөлек, Ұлыбританияда арестте Ресейдің 350 млрд қаржысы бар. Дәл осы шамадағы қаржы АҚШ-та да тұр. Алда осы қаржыны Украинаны қалпына келтіру үшін қалай пайдалану мәселесі тұр.