Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Б.Азанов: журналист Махамбет Абжанның ісіне қатысты сұрақтар туындады

Б.Азанов журналист Махамбет Абжанның ісіне қатысты екі маңызды жайтты атап өтті деп жазады Рaryz.kz.

Б.Азанов: журналист Махамбет Абжанның ісіне қатысты сұрақтар туындады
ашық дерек көздерінен

Махамбет Абжанның ісіне қатысты екі маңызды мәселе бар. 

Біріншіден, егер М.Абжан ірі көлемдегі қаржыны бопсалаған болса, бұл ҚР ҚПК 187 бабы бойынша ҚР ІІМ құзіретіне жатуға тиісті. Ендеше бұл ретте ҚР Жемқорлыққа қарсы қызметі қайдан пайда болды?

Екіншіден, кеше кінәсіздік презумпциясы туралы американдық журналистермен сөйлестім. 

Одан: сот үкімі жарияланғанға дейін американдық БАҚ күдіктінің атын жөнін, тергеу амалдарына қатысты қандай да бір фото-суреттер мен бейне материалдарды шығара ала ма деп сауал қойдым. 

Сондай-ақ, сотқа дейін оның қандай жағдайлардан күдікке ілнгенін, оған қатысты баптың тармақтары мен бопсалаған ақшаның көлеміне дейін ақпарат таратыла ма деп сұрадым. 

Ол "мұндай жағдй Америкада да Еуропада да жол берілуі мүмкін емес" - деді.