Уақытша басқыншылардың қолына өткен Бердянскіден ұрланған украиндық астықты тиеген қазақстандық кеме Түркияның Карасу портына жетті деп хабарлайды Рaryz.kz шетелдік басылымдарға сүйеніп.
Бұл туралы Украинаның Түркиядағы елшісі Василий Бондар хабарлаған.
Украина Бас прокуратурасы Кеңсесінің жіберген хатына сәйкес, елші Түркия тарапынан кемені тоқтатуға қатысты кезек күттірмес шараларды қабылдауынан сұраған.
Жүк тиелген кеменің иесі қазақстандық KTZ EXPRESS SHIPPING TOO. Кемені ресейлік Gree-LineLLC жалдаған.
Соғыс өрті тұтанған жерден ұрланған астықты тасымалдаған қазақстандық кеме иесі жазасыз қалмайтыны анық.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ресейлік қару-жараққа қажетті микросхемаларды сатқан өзбекстандық садагерге санкция салынған болатын.