Өкінішке орай, «Zhibek Zholy» жүк кемесінің Бердянскіден Түркияның Қарасу портына бет алғаны туралы ақпарат расталды. Кеменің Бердянскіге кіру және шығу қауіпсіздігін контр-адмирал Виктор Кочемазовтың басшылығымен Қара теңіз флотының Новороссийск әскери-теңіз базасының кемелері мен катерлері қамтамасыз еткен. Кеме шамамен 7000 тоннадан астам украиндық астықты тасымалдауда. "Чиновник" арнасы осындай ақпарат таратыпты.
Онысыз да басқаны қойғанда азық-түлік қымбаттап елдің әл-ауқатына әжептәуір әсер етіп жатқанда, бұл енді "жығылғанға - жұдырық" болғалы тұр. Санкцияға іліксек, жетісеміз...
Бұл іске жоламай, бейтараптық позицияда қалуымыз керек еді. Енді не болар екен? Қай қолымызды шабар екенбіз?