Президенттің кадрлар резервінің жеңімпазының Украинадан ұрланған астыққа қатысы бар болып шықты деп жазады Рaryz.kz шетелдік басылымдарды шолып.
Өкінішке орай, «Zhibek Zholy» жүк кемесінің Бердянскіден Түркияның Қарасу портына бет алғаны туралы ақпарат расталды. Кеменің Бердянскіге кіру және шығу қауіпсіздігін контр-адмирал Виктор Кочемазовтың басшылығымен Қара теңіз флотының Новороссийск әскери-теңіз базасының кемелері мен катерлері қамтамасыз еткен. Кеме шамамен 7000 тоннадан астам украиндық астықты тасымалдауда.
"Чиновник" арнасы осындай ақпарат таратыпты.
Онысыз да басқаны қойғанда азық-түлік қымбаттап елдің әл-ауқатына әжептәуір әсер етіп жатқанда, бұл енді "жығылғанға - жұдырық" болғалы тұр. Санкцияға іліксек, жетісеміз...
Бұл іске жоламай, бейтараптық позицияда қалуымыз керек еді. Енді не болар екен? Қай қолымызды шабар екенбіз?