Литвадағы жағдай: Сувалк дәлізі деген не және онда не болып жатыр?

Санкцияға сәйкес, Литва РФ Калининградқа жөнелтілген жүктерді тоқтатып тастады. Мәселенің мәнісіне үңілген Рaryz.kz PARANOIA.kz сілтеме жасайды

Литвадағы жағдай: Сувалк дәлізі деген не және онда не болып жатыр?
ашық дерек көздерінен

Сувалк дәлізі Ресейді Калининград облысымен жалғастырып отырған жалғыз дәліз. ЕО-ның санкциясына сәйкес оны Литва жауып тастаған, жүк көліктерін кері қайтарған. Бұған РФ тас-талқан болып ашуланып, әлемді шулатып, истерикаға ұрынып жатыр. 

Алдымен барлаушы ұшақ жібереміз. Егер оны атып түсірсеңіздер біздер авиациямызбен бомбалап дәлізді ашамыз дейді РФ қарулы күштері. 

Бұдан сескеніп қалған ЕО дипломатиялық миссиясының басшысы Жозеф Боррель санкцияны қайта қарау керек деген, алайда Литва тіпті де бопсадан қорықпайтынын мәлімдеп отыр. Келсең кел дейді Ресейге. Литва НАТО мүшесі, оны Польша, Ұлыбритания қолдап отыр - саспа, түкте жасай алмайды дейді. 

РФ НАТО мүшесіне қарсы соғыса ала ма? Оған дәті шыдай ма? Не де болса осы кризистің қалай шешілгенін енді екі-үш күнде білетін боламыз.