Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Халықтың өзіне тиесілі жерінен айрылғанына жағымпаз және жемқор партия кінәлі.

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан жер мәселесінде биліктің қимыл-қарекет жасауының нәтижесінде жайылымдық жерлердің мемлекет меншігіне қайта бастағанына  назар аударды деп хабарлайды Рaryz.kz қоғам белсендісінің Faсebook парақшасына сілтеме жасап.

Халықтың өзіне тиесілі жерінен айрылғанына жағымпаз және жемқор партия кінәлі.
ашық дерек көздерінен

  Біздің жылдар бойы бастаған бастамаларымыз жүзеге асырыла бастады. Сөз жоқ, халық тұрғылықты жерлерінде өз жерінің қызығын көруге тиісті. Жайылымдық жерлердің мемлекетке қайтарыла бастауы - біздің жылдар бойғы ортақ жұмысымыздың жемісі.

Ал, "Аманат" (кешегі "Нұр Отан") партиясы туралы менің ойымды білмек болсаңыздар, ол мынадай: 

халықтың өзіне тиесілі жерінен айрылып қалғанына тура осы жағымпаз және жемқор партия кінәлі. Сондықтан, бұл партияның бұдан былай парламентте отыруын орынсыз деп білемін. Сол үшін ендігі сайлауда болашақ "Жер қорғаны" партиясы "Аманатты" ығыстыруға тиісті - деп жазады қоғам белсендісі жеке парақшасында.

Посттың астында қолдау көрсеткен пікірлер көптеп жазылуда. Соған қарағанда халқымыз үшін жер мәселесі қашанда маңызды.