Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Бұл - ұсақ мәселе емес": Тайжан Қазақстанның +997 қодына көшуі туралы пікір білдірді

"Сендер Татарстан секілді Ресейдің ішіндегі ел емессіңдер ме?" деп жауап берді..."

"Бұл - ұсақ мәселе емес": Тайжан Қазақстанның +997 қодына көшуі туралы пікір білдірді
фото: ашық дереккөз

Белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жақында ғана енген +997 кодын қолдайтынын жеткізді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Paryz.kz

90-жылдардың басында мен Варшава университетінің студенті болғанмын. Жыл бойы оқып жүрдім. Жазда каникулда әкем мені Лондонға ағылшын тілін үйренсін деп жіберіп отыратын. Дегенмен "елшінің баласы" болдым ғой. Сол Лондонның Callan school деген тіл мектебінде мені Ресей студенті деп жазды. Мен наразылық білдіріп, сол мектептің директорына: "Қазақстан бірнеше жыл болды тәуелсіз ел" деп. Сонда маған дәлел ретінде "тел кодбардымтарыңыз Ресейдің +7 ғой? Сендер Татарстан секілді Ресейдің ішіндегі ел емессіңдер ме?" жауап берді. Мен басқа дәлелдерді келтіріп, Қазақстан дербес ел екенін бірнеше күннің ішінде әрең оларды мойындаттым. Нәтижесінде Callan school мектептің базасын өзгертіп, Қазақстан деген дербес елдің алғаш студенті болып алдым. Сондықтан +7 құтылып, өзіндік +997 қодына көшуімізді құптаймын. Ол ұсақ мәселе емес, - деп жазды Мұхтар Тайжан.