Қызылорда медициналық жоғары колледжі

Қызылорда медицина колледжі   Қазақ АССР-і   Денсаулық Сақтау  Комиссариатының 1928 жылғы   15 тамыздағы   бұйрығымен   «Қазақ  акушерлік   техникумы»  деген атпен ашылды.ҚазССР  Денсаулық Сақтау  Министрлігінің  1954 жылғы   бұйрығымен «Қызылорда   медициналық  училищесі»  болып  аталды.

Қазақстан Республикасы  Денсаулық Сақтау   Министрлігінің  1996 жылғы 14  маусымдағы №282  бұйрығымен  Қызылорда медицина колледжі болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы   Білім,Мәдениет  және Денсаулық Сақтау   Министрлігінің  1999 жылғы   8 қаңтардағы   №13  бұйрығы бойынша   Қызылорда облысы   әкімінің  1999 жылғы 22 қаңтардағы №882  «Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің тізімін  бекіту»   туралы шешіміне   сәйкес, Қызылорда облысының   Юстиция  басқарамасында  1999  жылдың   25  қаңтарында  №3102-1933  тіркеу номері  бойынша  Қызылорда  медицина  колледжі  мемлекеттік  қазыналық   мекеме  болып тіркелді.

2008 жылғы 12 желтоқсанда 56 №0049624 АБ сериялы Қызылорда облысының білім басқармасымен техникалық және кәсіптік білім беру қызметімен айналысуға шектеусіз мерзімге берілген Мемлекеттік лизензиясы және 2010 жылғы 12 ақпанда берілген №0086995 нөмірлі, 2011 жылғы 30 наурызда берілген  №0087045 нөмірлі, 2012 жылғы 16 сәуірде берілген №0087076 нөмірлі, 2014 жылғы 15 мамырдағы нөмірсіз, 2015 жылғы 27 шілдедегі №001 нөмірлі  Мемлекеттік лицензияға қосымшалар  негізінде колледж:

  • 0301000 – «Емдеу ісі»
  • 0302000 – «Медбикелік іс»
  • 0303000 – «Гигиена және эпидемиология»
  • 0304000 – «Стоматология»
  • 0305000 – «Лабораториялық диагностика»
  • 0306000 – «Фармация»
  • 0307000 – «Ортопедиялық стоматология»
  • 0308000 – «Медициналық оптика»
  • 1121000 – «Медицина техникасын монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу»

мамандықтары бойынша орта арнаулы білімді медицина кадрларын және «Медбикелік іс» мамандығы бойынша эксперимент тәртібінде медбике ісінің қолданбалы бакалавр мамандарын дайындайды.

09.06.2010 жылы колледж орта буын медицина және фармацевтика мамандарын даярлау және білімін жетілдіру қызметі бойынша ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті талаптарына» № KZ 7500195.07.03.05690 КСС №0001838 нөмірлі сәйкестік сертификатын иеленді және 24.12.2013 жылы қайта сертификаттаудан өтіп, ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті талаптарына» № KZ 7500207.07.03.00100 КСС №0028213 нөмірлі сәйкестік сертификатын иеленді. Колледждің білім беру қызметі 2013 жылы кезекті мемлекеттік аттестациядан өтті.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік сақтау министрлігінің 2016 жылғы

28 сәуірдегі №06-1-24/28.11–4 санды хатына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментімен құрылған бағалау Комиссиясының қорытындысы негізінде колледждің білім беру ісі «өте жақсы» деп бағаланып, Жоғары колледжге қайта құру жөнінде шешім шығарылды. Білім беру ісіндегі сапаны қамтамасыз етудің қазақстандық тәуелсіз агенттігінің (НКАОКО-IQAA) 2016 жылғы 18 маусымдағы Аккредитациялық кеңес мәжілісінің шешіміне сәйкес колледж 20.06.2016 – 21.06.2021 жылға дейінгі мерзімге институционалды және 0301000 – «Емдеу ісі», 0302000 – «Медбикелік іс», 0304000 – «Стоматология», 0305000 – «Лабораториялық диагностика» мамандықтары бойынша мамандандырылған аккредитациялардан өткен оқу орындары қатарына қосылды.

Колледж ғимараттарының жалпы ауданы – 11057 шаршы метр, оның ішінде:

  • оқу ғимараттарының ауданы – 5352 шаршы метр
  • лекциялық оқу кабинеттерінің ауданы – 66,2 кв.м.
  • практикалық оқу кабинеттерінің ауданы – 49,2 кв.м.
  • лабораториялық оқу бөлмелерінің ауданы – 21,7 кв.м.
  • жалпы оқу кабинеттер саны-106, оның ішінде:
  • лекциялық сабақтарға арналған кабинеттер саны – 53 соның ішінде:
  • типтік жабдықталған кабинеттер саны – 15;
  • практикалық оқу кабинеттер саны – 53, соның ішінде:
  • арнайы пәндерден оқу кабинет саны – 38,
  • жалпы кәсіптік пәндерден оқу кабинет саны – 15

Колледж жатақханасы 300 орынға арналған. Қажет еткен оқушылар жатақханамен толық қамтамасыз етіледі. Жатақханада 4 демалыс бөлмесі, әр қабатта 2 тұрмыстық бөлме, үтіктейтін, кір жуып – жаятын бөлмелері бар. Шомылатын бөлме (душ) 1-ші қабатта орналасқан. Жатақхананың тұрмыстық бөлмелерінде  24 жаңа үлгідегі электрлік плиталар бар.

Жатақханаға бала  қабылдау  Мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорын  мемлекеттік  қызмет көрсету  регламенті бойынша   орындалады.           Оқушыларға күрделі жөндеуден өткен асхана қызмет жасайды.

Колледжде заманауи компьютерлермен жабдықталған 3 ақпараттық-компьютерлік кабинет жұмыс жасайды,3 архивтік бейнесервер, 205 компьютер, 17 ноутбук, 3 нетбук, 55 принтер, 5 сканер, резограф, 23 интерактивті тақта, 12 заманауи телевизор бар. Компьютерлік және интерактивті кабинеттер Интернет, 1 оқу ғимараты және жатақхана Wi-Fi желілеріне қосылған.Мәжіліс залы мультимедиялық подиуммен, қабырғалық экранмен, 2 проектормен және музыкалық аппаратура жиынтығымен жабдықталған. Кіші мәжіліс залы қабырғалық экраны бар проектормен, аппаратурамен және 11 микрофонмен жабдықталған.

Кітапхананың жалпы қоры – 82579 дананы құрайды.

  • Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қоры – 42311; әр оқушыға шаққанда – 25 оқулықтан келеді.
  • Электрондық оқулықтар саны –
  • Кітапхана компьютеріне “Библиотека 4.02”, РАБИС бағдарламалары бойынша электрондық каталог енгізілген.
  • Оқу бағдарламаларына сәйкес дәріс материалдарының 80 пайызы электрондық нұсқада дайындалған.

2014 жылы эксперимент режимінде колледж оқу процесіне республикадағы 6 колледждің бірі ретінде «Медбикелік іс» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасында қолданбалы бакалавр мамандарын даярлаудың шетелдік сарапшылардың (Финляндия) қатысуымен әзірленген  оқу бағдарламасы енгізілді. Жаңа бағдарламаны іске асыру барысында колледж оқытушылары және облыс емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі ментор-медбикелер Финляндия еліндегі қолданбалы ғылым университеттерінде өткізілген  (JAMK университеті – Финляндия) оқыту семинарларына және шетелдік сарапшылардың қатысуымен өткізілген инновациялық оқыту тәсілдеріне арналған (Астана, Алматы, Көкшетау қалаларында) мастер-кластарға қатысты.

Аталған бағдарламаны даярлау бойынша республика колледждері және Финляндия сарапшылары өкілдерінен құралған жұмысшы топ құрамында арнайы пән оқытушылары Р.Қ.Тышқанбаева, Н.Д.Акимниязова болды, Б.Е.Абдиканиева аталған бағдарлама бойынша практиканың оқу бағдарламасын құрастыруға қатысты. Аталған оқытушылар Финляндия елінің қолданбалы бакалаврларды даярлайтын оқу орындарында тәжірибе алмасуда болды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде құрылған бағалау Комиссиясымен колледжді «Медбикелік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау мүмкіншілігін беретін Жоғары колледж статусына қайта құру жөніндегі шешім шығарылды.

Эксперимент режимінде оқу процесіне енгізілген қолданбалы бакалавр мамандарын даярлаудың оқу бағдарламасы және «Медбикелік іс» мамандығы бойынша 2013 жылғы білім стандарты инновациялық интербелсенді әдістермен сабақ өткізуге негізделген. Оқытудың стандартталған   пациенттерді, симуляциялық  жағдайларды, ойын технологияларын,  имитациялық емес белсенді тәсілдерді (дебат, конференция, дискуссия, диспут, интеллектуалды жарыс т.б.) қолданып өткізетін түрлері білім сапасын жоғарылатуға, білім алушылардың шынайы клиникадағы жағдайларды терең меңгеруіне ықпал жасайды

2014 жылы ҚР ДСМ-нің бұйрығымен оқу процесіне эксперимент тәртібінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат  білім бағдарламасы енгізілді,аталған бағдарлама бойынша  21 студент білім алуда,сонымен  бірге 2016-2017 о.ж.    колледжде   эксперимент негізінде  (1,5 жыл)  жеделдетілген  бағдарлама  негізінде  «Медбикелік іс»  мамандығы   қолданбалы  бакалавриат   білім  беру бағдарламасы  бойынша  2 топ   (республикалық  және  жергілікті  бюджет есебінен)  мамандар  дайындалуда.

2016 жылы колледж институционалдық және 4 мамандық бойынша мамандандырылған аккредитациядан өтті. 2016 жылы ҚР ДСӘДМ-нің бұйрығымен колледжге Жоғары колледж статусын беру туралы шешімі негізінде оқу орны Жоғары колледж статусына ие болды.