Головкин жанкүйерлерін қуантып қойды

Головкиннің келесі жекпе-жегі Жапонияда өтеді деп жоспарланып отыр.

Головкин жанкүйерлерін қуантып қойды
фото: дереккөз

Геннадий Головкин жанкүйерлері көптен күткен мәлімдеме жасады. Боксшы рингке қайта оралу үшін дайындықты бастап кеткен деп хабарлайды Paryz.kz

Головкин Instagram-да физикалық дайындық бойынша тренері Кристофер Камачо, ағасы Максим және боксшы Әли Ахмедов сынды командасымен түскен суретін жариялады. 

Жаттығу лагеріне қайта оралған күшті. Барлықтарыңызды аман-сау көргеніме қуаныштымын, - деп жазды ол.

Головкиннің келесі жекпе-жегі Жапонияда өтеді деп жоспарланып отыр. Оның қарсыласы орта салмақтағы WBA Super әлем чемпионы, жапон боксшысы Риота Мурата болады. 

GGG-дің соңғы жекпе-жегі 2020 жылдың желтоқсанында болған еді.