Қазақ әдебиеті  03.12.2019, 09:32

Сабыр Адайдың "…АЙТШЫ НЕГЕ?" өлеңі

Іздеп арман, бізден қалған көктем-қыз,
Көп арманды сарғайтыпты өктем күз.
Тілегіңмен тербей жүрші, жан сәулем,
Жүрегіңнен қызғалдақ боп көктерміз!

Қырау шалған қырдың төсін, бөктерді,
Өтті-кетті бәрін анау көк көрді.
Талай достың ақ тілегін алып ек,
Ал, әрине, талай дұшпан жек көрді.

Гүлдей едік, түндей едік жұлдызды,
Ай мұңайып әлі іздеп тұр бізді.
Ақыр түбі жылататын болса егер,
Айтшы неге аз күн сауық құрғызды.

Көрмей-білмей дұрыс еді кеткенім,
Дидарыңда бар сұлулық тек сенің.
Сен де, қайбір, жүрмін дейсің бақ кешіп,
Мен де, бірақ, қадіріңе жетпедім! 

Қыс түседі сәл күтсең-ақ болғаны,
Әмір деген - еріген мұз қолдағы!
«Ия, солай, солай!» -дейді қос қарға,
Қосып алған қос молаға жолдағы.

ЖАҚСЫЛЫҒЫН ТІЛЕЙІК…
Ақ бұлты аспанымның алақандап,
Ақтаулар, Алатаулар жаңғырады.
Кеудемнен кербез жырлар балапандап,
Есіңнен ен сұлулық тандырады.

Тілейік, жақсылығын жалғасын деп,
Қойкөз түн, қоңыр дәурен - бәрі, міне!
Үлт аман, ұл қорғансыз қалмасын деп,
Күндіз-түн дұға қылдым, Тәңіріме! 


По теме:
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚҰРТ БОП ЖЕМЕК…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "АЙТАР СЫРЫМДЫ…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ГҮЛ-ЖАПЫРАҚ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЙТА ШЫРҚАУ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЗАҚ ҚАРАП ТҰРАДЫ.." өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…ҒАШЫҚ БОЛ!" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ПАЛЕСТИНА" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ШАХ!…МАТ!…" өлеңі

6 December, Friday