(Түйін сөз)
Жұбан* айтқан: «Мен Қазақпын!»- танып ал!
Қуанышы, қасіреті, зары бар!
Барлық Қазақ - бір Қазақтың қорғаны, -
Бір Қазақта - бар Қазақтың Ары бар!
Бір жыласа - Мың көзінен аққан жас!
Мың жыласа - Бір сенімі ақталмас!
Бір мен Мыңның тұтасқанда Намысы, -
Табанында Тауқыметтің тапталмас!
Барлық Ұлттың құрмет қыл, арманын,
Өз Ұлтыңды алып ұш та, самғағын!
Ұлтың үшін адамзатқа бақ тіле,
Бейбіт күн мен тыныштықты таңдағын!
Жұбан* - Ж. Молдағалиев