Қазақ әдебиеті  03.12.2019, 09:15

Сабыр Адайдың "ҚАЗАҚ ҚАРАП ТҰРАДЫ.." өлеңі

Күйінсем де, сүйсем де, ашынсам да,
Аяғыңа жығылып бас ұрсам да,
Туған елдің ұлымын,
Тұғырым бір-
Ашынсам да, қайғымды жасырсам да.

Өзегім бір өзіңмен, өмірім бір,
Көп күнімнен көңілім жеңіліп жүр.
Жатсам-тұрсам жүрегім алып-ұшып,
Жеңіліп жүр, жаным-ау не біліп жүр.

Әр қазақтың баласын ханға балап,
Түнді ұзатып саламын таңға қарап.
Тағдырымның көзінде
Тамшы жас бар,
Таңмен келіп жұбатар бар ма қазақ?…

Елпілдеген өскелең желкілдеген,
Қауыз жарып қасыма келсін деп ем.
Ертегідей елімнің
Ертеңіне:
Еркелерім ес-түссіз сенсін деп ем.

Ну ормандай жайқалып жапырағы,
Бір болашақ бүр жарып шақырады.
Гүлденеді
Тау-тасы тілге енеді,
Түрленеді Алаштың атырабы.

Әлем менің әнімді шарықтатып,
Самал жатар сазымды алып қашып.
Халық едік қашаннан
Құдай сүйген:
Тура шыңға тартармыз анық басып.

Көкке қарап Тәңірім күн кешіп ем,
Күннің көктеп келемін іргесінен.
Қазақ қарап тұрады
Асықпа Сен:
Ақиқаттың ақ уыз мінбесінен.


По теме:
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚҰРТ БОП ЖЕМЕК…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "АЙТАР СЫРЫМДЫ…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…АЙТШЫ НЕГЕ?" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ГҮЛ-ЖАПЫРАҚ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЙТА ШЫРҚАУ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…ҒАШЫҚ БОЛ!" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ПАЛЕСТИНА" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ШАХ!…МАТ!…" өлеңі

6 December, Friday