Қазақ әдебиеті  03.12.2019, 09:14

Сабыр Адайдың "ПАЛЕСТИНА" өлеңі

Бүтін жерді бөліп алды келді де,
Кім қорғамақ, сая болып енді не!?…

Арабтардың ақ көйлегі қызыл қан,
Ерлер оққа ұшып жатты ұзыннан.

Қолдан кеткен Бостандықтың қымбатын:
Шалды ұлдар- құрбандыққа бір басын!

Қара сонау боздақтардың моласын,
Отан біреу: жаныңды жау тонасын.

Ажал құшқан сәбилердің денесін,
Анасымен қоса көміп келесің.

Жон етіңді жонып жеді мыстан күн,
Құрсауында ұрпақ өсті дұшпанның.

Бардан-Жоқты жасап алған жаралым,
Жар саласың қан-қан болып тамағың.

Пайғамбарлар көкке ұшқан мінберден,
Дабыл қағып келе жатыр үн-керуен.

Қара бұлттан найзағай боп көріндің,
Қамыққанда ақ жаңбыр боп төгілдің.

Жалындадың, жан берісіп, жан алдың,
Ата жауға азу болып қадалдың.

Заман қылыш, зар илетіп даң қылып,
Қанша арман кетті үзіліп мәңгілік.

Өтті күндер өксік атып сорың боп,
Аққан қаннан аяқ басар орын жоқ.

Жал-құйрығын жалын шалған тұлпардай,
От ішінде дүбір салдың бір талмай.

Жатқызбайды жалын кешкен дабысың,
Бірақ сенің оттан ыстық НАМЫСЫҢ!…

Жалын шалқып, жарық көкке өрлейді,
Намысы бар, Ары бар ҰЛТ: ӨЛМЕЙДІ!…

Палестина!…
Сен төзімнің бесігі,
Хаққа аян, ерлеріңнің есімі!

Сен-Мектепсің: Елін сүйе білгенге,
Болашағың жарық сенің күннен де!…

Әділеттің майданында жүрегім,
Тәй-тәй басып менің, міне, тұр ЕЛІМ!…

Жерім жұмақ, елім еркін, Қазақ құт;
Қандай қымбат тыныштық пен Азаттық!…


По теме:
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚҰРТ БОП ЖЕМЕК…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "АЙТАР СЫРЫМДЫ…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…АЙТШЫ НЕГЕ?" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ГҮЛ-ЖАПЫРАҚ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЙТА ШЫРҚАУ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЗАҚ ҚАРАП ТҰРАДЫ.." өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…ҒАШЫҚ БОЛ!" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ШАХ!…МАТ!…" өлеңі

6 December, Friday