Қазақ әдебиеті  03.12.2019, 09:14

Сабыр Адайдың "…ҒАШЫҚ БОЛ!" өлеңі

Жер жәннаттың шоқ гүліндей жайқалған,
Өмір сұлу: өзі сұлу байқар жан.
Жарық әлем-жарқыраған айна ғой, -
Өз бейнеңді-өзгертпестен қайтарған.
 

Көңіл сергіп, көркем ойдан тасып сол,
Ән әуездеп, күй пернеге басып қол;
Өз бейнеңді көргің келсе адамзат, -
Жаратқанға, жарық күнге ғашық бол!

Тал бойыңа алтын нұры таралған,
Тағдырмыз біз-жанға жарық шам алған.
Бұл дүние тұнып тұрған-СҰЛУЛЫҚ:
Ғашық бола білу үшін жаралған.


По теме:
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚҰРТ БОП ЖЕМЕК…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "АЙТАР СЫРЫМДЫ…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…АЙТШЫ НЕГЕ?" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ГҮЛ-ЖАПЫРАҚ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЙТА ШЫРҚАУ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЗАҚ ҚАРАП ТҰРАДЫ.." өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ПАЛЕСТИНА" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ШАХ!…МАТ!…" өлеңі

6 December, Friday