Қазақ әдебиеті  03.12.2019, 09:13

Сабыр Адайдың "ШАХ!…МАТ!…" өлеңі

(Тақтадағы тастар және Әлем Ойыншылары)

Бір ұтуға бірін-бірі ғашық тас!
Ал, Ойыншы: Бітіруге асықпас.

Тастар жатыр-жағаласып, жандасып!
Ал, Ойыншы: қайта үрлер, сан басып.

Тастар жатыр-бар үміті Жеңісте!
Ал. Ойыншы: көрінбейді еңісте.

Ақ пен Қара-бөліп алған түр-түсті,
Өрттей лаулап, ит-жағалас сілкісті.

Қызыл қанға-сардар біткен бойлауда!
Ал, Ойыншы: қызық көріп тойлауда.

Ешкі еніп, кіріп кетті Қай дауға!
Ал, Ойыншы: уақыт бермес ойлауға.

«Тас - Сарбаздар»- салып жатыр қырғынды!
Ал, Ойыншы: «Тыныштықты» жыр қылды.

Тынып еді, -қайта себеп таптырды!…
Ал, Ойыншы: ортаға от лақтырды.

Өңкей Тастар жұрдай болды Бақыттан!…
Ал, Ойыншы: келеді ұтып уақыттан.

Соғыстарға: «ҚЫЗЫЛ» «ЖАСЫЛ»-түр берді!…
Ал, Ойыншы: от ішінде гүлденді.

Шегінгенге - шелпек сыйлап, жең берді!…
Сол Ойыншы тас-тақтасын меңгерді.

Тастың қанын Таспен ұрып жұтып жүр!…
Ал, Ойыншы: Баспен ұғып ұтып жүр.

Балық сынды шөлмектерге қамалған, -
Халық сынды жеңілді де Заманнан!…

Көрсетпекке сосын Өзі кездігін,-
Ал, Ойыншы: күтіп отыр мезгілін!…

Міне, Саған: ШАХМАТТЫҢ көкесі!
Әлі, Алда: Әңгіменің төтесі!!

Күллі Адам- тақтадағы тастармыз,
Алданғанбыз, туыла сап бастан Біз!

Ойыншылар: Ордамызды тонады, -
Бұған қашан, енді шектеу болады.

Шырғалдаңнан шығармайды ұлттарды, -
Шаңқай түсте-күн күмілжіп бұлттанды.

Ойыншылар!…Біз -Олардың ұршығы,-
Шайтаннан да жаман болды қырсығы.

Бас бірікпей-тас бірікпес тақтада, -
Тастарды «Б. Ә. С» қылып болды масқара!

Тастар байғұс-Ахиретке жол салды.
Ал, Ойыншы: Құрсағына қол салды.

Тасқа-тасты жауластырды тасалап, -
Сендік мидан - өз керегін жасамақ.

Дүниені мибатпаққа батырды, -
Ол алдады: біздер бердік Атомды.

Сансыз қақпан санамызға құрылған, -
Бұрылғанды ұшырады тұғырдан.

Көз байланды-салт дәстүрден жерідік-
Ойыншының ыңғайына беріліп.

Сөз қалытқы-астарында қармағы, -
Көз қарықты: алдау-арбау бар мәні.

Шет-шегі жоқ, шекпен киген дау-дамай,-
Басы мең-зең Тас біткеннің қауғадай.

Тақтада тас: жан берісіп, жан алмақ, -
Ал, Ойыншы: ойнап отыр табандап.

Қуат беріп надандармен, сатқынға,
Ұлтын сүйген, күнде түсер, - Тақ сынға!…

Тастар-тастар: Сұқ саусақтың ұшында.
Не болмаса: Ойыншының бұтында.

Тастар-тастар: Ойыншының ермегі, -
Еріп-еріп, діңкеледі терледі.

Тастар-тастар: көзін байлап іңірде, -
Танымайды өз тамырын, дінін де.

Тас біткеннің қан-қан болып балтасы, -
Ақша іздеп кеуіп-ақ тұр аңқасы.

Қан балтаны қайда салсаң сілтемек,-
Мылтық берсең ата салар білтелеп.

Жұлынына түсіп кеткен қан-құрт тым, -
Тақтадағы тасқа айналған-Мәңгүртпін!…

Біз-тастармыз!…Оны білдік кеш мүлде,-
Ойыншының ақыл-есі шексіз бе?!…

Ақ пен Қара: Соғысуда тақтада-
Ойыншыда рейім жоқ, - Қасқаға!

Тастар жатыр сүзек тиген баладай, -
Өз ісіне-бір ойланып қарамай.

Ұлт жоғалып-тасқа өзге түр еніп, -
Ойыншы жүр: Аққан қанға гүл егіп.

Улап қойып Тас біткеннің санасын, -
Билеп алған: ШАХ пен МАТ-тың арасын.

Адамзатқа-соғыс сатқан, дау сатқан, -
Ант атқаннан-өліп болды қаусап таң.

Жан жаралап, қан кештік-ау қаралай, -
Қанағаттың көзіменен қарамай.

Иман гүлдеп ашылмаса НҰР бағы!
Ойыншының бола бермек құрбаны.

Тас тағдырын-Жаратушы болжайды!
Ойынша Ол: Тозақтық қой, СОРЛАЙДЫ!…

Құдай Өзі: Құлды жасап бар қылды!
Ойыншыдан: Бір құтқарар тағдырды?!…

Ақ пен Қара тастарда жоқ өзгелік,
Жатсақ шіркін: Бейбіт күнге сөз беріп!…

Күллі Әлем-адалдықтан шаттанса,-
Хақты сүйіп-ИМАНЫНА мақтанса!

Жер бетінен ШАЙТАН-ШАЛЫС құрысын!
Тақтада ТАС тарылды ғой тынысың.

Ойлануға уақыт тауып Адамзат, -
Бір сергісе ұйқысынан самалдап.

Аспан мен жер алаңы боп ДОСТЫҚТЫҢ:
Аты өшсе -ЖАУЛАСУМЕН ЖОҚТЫҚТЫҢ!…

Ойыншылар: Қанағатсыз, ашқарақ, -
Сүрлеп қоймақ сүйегіңді тақталап.

Тасада - Б. А. С., тақтада - ТАС ақ шаңдақ, -
Ойыншылар оңтайлы күн бас салмақ.

Тақта қалып, ТАС біткенді күремек,-
Ойыншылар дүниені дүрелеп.

Адамзаттың ҚУАТ бар ма жанында?!…
Ере бермей тоқтайтұғын САҒЫМҒА!?…

Ашып тастап БАРЛЫҚ ҰЛТТЫҢ жарасын, -
Ақиқатқа бірге тұрып қарасын!

Әлем-Мәңгүрт: Өз әкесін ҰЛ атпақ!…
Ойыншылар: Құздан төмен құлатпақ!…

Құзға келді, құлауға да аз қалды, -
Жара шіріп, жан күйініп базданды.
…Асыға гөр, асыға гөр, АЗ ҚАЛДЫ!


По теме:
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚҰРТ БОП ЖЕМЕК…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "АЙТАР СЫРЫМДЫ…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…АЙТШЫ НЕГЕ?" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ГҮЛ-ЖАПЫРАҚ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЙТА ШЫРҚАУ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЗАҚ ҚАРАП ТҰРАДЫ.." өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…ҒАШЫҚ БОЛ!" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ПАЛЕСТИНА" өлеңі

6 December, Friday