Қазақ әдебиеті  03.12.2019, 09:12

Сабыр Адайдың "МЫҢНАН БІРГЕ…" өлеңі

Байлық жидың, бар болдыңыз не тынды,
Аз күн қойқаң, әтеш сынды кекілді.
Ұлтқа қайыр салмайтұғын БАЙЛАРДА:
Сүтке тойған қара мысық секілді.

Қақ төріңді мекен қылып талтаңдап,
Ал пейілін пері иелеп тартар жат.
Ұлтынан тыс: "ҰЛЫ" болып жүргенде, -
Байлық қашып бастарынан тарқар Бақ!…

Күнді құдай жарық үшін жаратқан.
(Атты сосын, -Хақтан бұйрық сан ақ таң. )
Ұлтын қамдап ұйытқы боп жүрсін деп:
Мыңнан бірге байлық беріп таратқан.

Күй қосылсын десең егер, -күйіңе;
Ұлтыңды ойла, ұл-қызыңдай сүйіне.
Ұлттың көзін шұқу үшін жиған мал:
Өз қолыңмен жауға берген дүние!…


По теме:
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚҰРТ БОП ЖЕМЕК…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "АЙТАР СЫРЫМДЫ…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…АЙТШЫ НЕГЕ?" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ГҮЛ-ЖАПЫРАҚ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЙТА ШЫРҚАУ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЗАҚ ҚАРАП ТҰРАДЫ.." өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…ҒАШЫҚ БОЛ!" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ПАЛЕСТИНА" өлеңі

6 December, Friday