(Шалқыма)
Бірлік берсін, ұлтыма,
Береке берсін, жұртыма!
Ақ таң болсын - аяны,
Хақтан болсын, -баяны!
Ұлтым менің-Ұраным!
Құдай сүйсін - құлым деп,
Құя көрсін нұрын көк.
Ел тілегі-ел болсын,
Өзгелермен тең болсын.
Ұлтым менің-Ұраным!
Халық болсын - саялы,
Алақаны - аялы.
Бар талабы - оң болсын,
Жер қайысқан - қол болсын.
Ұлтым менің-Ұраным!
Түгел болсын - иманы.
Ғылым болсын - жиғаны.
Гүлдей жайнап жаңарған,
Халық болсын-Қара орман.
Ұлтым менің-Ұраным!
Намыс пенен ар үшін,
Бала менен жар үшін,
Ұл мерейін өрлетсін,
Ұлт бесігін тербетсін.
Ұлтым менің-Үраным!
Салт-дәстүрін сақтасын,
Баба рухын мақтасын.
Дін тазасы-шырағым,
Ұлт тарихы-бұлағым,
Ұлтым менің-Ұраным!