Қазақ әдебиеті  03.12.2019, 09:09

Сабыр Адайдың "САҚТА ҚҰДАЙ, БІЗДЕРДІ !" өлеңі

Сабыр, сабыр,
Сабыр түбі-сары алтын, -
Деген қазақ, дертке шыдап бағарсың.
Қаңтар өтіп, қар ерімей жаз шықпас, -
Көктен жылу-көктем келсе табарсың.

Аунап-қунап көк шалғынға енерсің,
Қазір қыс қой: мезгіл жетпей не берсін?…
Бақыт-төзім, уақыт-сезім, өмір-жыр!…
Мырза Құдай: Әділсің һәм шеберсің.

Ұлт бақытын бір көруге құмармын,
Сағынышпын, сарқылмайтын бір әнмін.
Кім біліпті?…
Осы шығар: "БАҚ"-деген,-
Мен қадірін білмей жүрген шығармын.

Босағада қаншама бақ тізденді,
Қаншама сор қабаттасып ізге ерді.
Тағдырымның таразысы өзіңсің, -
Сақта Құдай: Білместіктен біздерді!?…


По теме:
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚҰРТ БОП ЖЕМЕК…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "АЙТАР СЫРЫМДЫ…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…АЙТШЫ НЕГЕ?" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ГҮЛ-ЖАПЫРАҚ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЙТА ШЫРҚАУ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЗАҚ ҚАРАП ТҰРАДЫ.." өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…ҒАШЫҚ БОЛ!" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ПАЛЕСТИНА" өлеңі

6 December, Friday