Қазақ әдебиеті  03.12.2019, 09:09

Сабыр Адайдың "ЖОҚТАУШЫСЫ БОЛМАСА" өлеңі

Тау көрінбес биіктен,
Ер өледі күйіктен.

Арута тәтті сөз керек,
Ажарын көрер көз керек.

Ұл тудың ба –ұран кыл,
Қыз тудың ба-тұмар қыл.

Болар ұлды-бор қылма,
Бордай езіп қор қылма.

Орға жықсаң -ОТТЫНЫ,-
Елдігімнің жоқтығы.

Құланы жоқ, қағы жоқ, -
Құт қонатын бағы жоқ;

Көп өзгеріп бүлінгіш,
Көрінгенге жүгіргіш;-

Жұртың жұтқа пар болса,
Көкірегі тар болса;-

Бала таппақ қайда жоқ,
Бағасыз болса пайда жоқ:

Құмырсқадай құны жоқ,
Құр терідей бұлы жоқ,
Жоқтаушысы болмаса!


По теме:
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚҰРТ БОП ЖЕМЕК…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "АЙТАР СЫРЫМДЫ…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…АЙТШЫ НЕГЕ?" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ГҮЛ-ЖАПЫРАҚ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЙТА ШЫРҚАУ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЗАҚ ҚАРАП ТҰРАДЫ.." өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…ҒАШЫҚ БОЛ!" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ПАЛЕСТИНА" өлеңі

6 December, Friday