Қазақ әдебиеті  03.12.2019, 00:21

Сабыр Адайдың "СОЛАЙ ДЕГЕНДІ…" өлеңі

Кесемде тұрса шәй күліп,
Келіншек келсе жәй жүріп.
Жанарын салып, сәл төмен.
Қараса қалқам қаймығып.

Ерініп еппен сұрыптап.
Кесемде мөлдір тұнып бақ.
Именшек көздің шарасы,
Жүректен жатса жыр ұрттап.

Бесікте сәби шалықтап,
Ынтығып біз де зарықсақ.
Қауышып ескі таныстай,
Оралсақ ойша қалықтап.

Кесемде тұрса шәй күліп,
Келіншек келсе жәй жүріп: 
"Жырыңа таныс жан едім,
Қош аға!"-десе, қаймығып.

Десе емес, солай деген-ді…
Жазбаймыз онсыз өлеңді.
Тамаша сәттің бірі еді,
Таңдайдан жыр боп көгерді.


По теме:
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚҰРТ БОП ЖЕМЕК…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "АЙТАР СЫРЫМДЫ…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…АЙТШЫ НЕГЕ?" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ГҮЛ-ЖАПЫРАҚ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЙТА ШЫРҚАУ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЗАҚ ҚАРАП ТҰРАДЫ.." өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…ҒАШЫҚ БОЛ!" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ПАЛЕСТИНА" өлеңі

6 December, Friday