Қазақ әдебиеті  02.12.2019, 23:11

Сабыр Адайдың "ОТПАН" өлеңі

Қадіріңді Хақ білер,
Халалдан болған Ақ білер,
Ақ білмесе, жат білер.
Қаратауда-
Қалың Ел

Ұрандар алау жақты дер.
«Адай» деген
Бір сөзге
Алтыннан күмбез салдырып,
Арулап белгі қалдырып,
Аспанға моншақ тақты дер.
Бала тілек - бал қылық,
Баба тірек - арлы үміт.
Көк төрінен нұр ұрттап,
Көкбөрісін ұлықтап,
Қыранша қанат қақты дер.
Батасы бірге Алашты,
Атасы бірге Алшынды
Отпан таудың басында,
Адайдың ұлы асында,
Ордалы жұрт күтті дер.
Жұмыртқадай жұтынтып,
Аққу-қаздай тізілтіп,
Ай-мойынын үзілтіп,
Күннің көзін сүзілтіп,
Айбын беріп еліне,
Анау қырдың беліне
Ақбоз үйін тікті дер.
Ер көңілі жайланып,
Ел-жұртынан айналып,
Сегіз-Арыс Семсердің
Бір аңсары бітті дер.
Келіндер шәйді күлдіріп,
Кербездер қоңырау ілдіріп,
Қайқысы әнмен қалықтап,
Сәйкісі сәнмен шалықтап,
Көп сүрінген азапқа,
Көне алмаған мазаққа,
Бекетті туған бұл елдің, -
Айтар сөзі бар әлі,
Қарғатамыр қазаққа!…
Қаратау басы қар ма екен?
Жаралы жүрек зар ма екен?
Тулап туар
Тектіден
Ту ұстайтын бір Бала-
Адайға біткен Қатынның, -
Құрсағында бар ма екен?
Амалдың таңы - ырысым!
Амалдап мынау тұрысым.
Ей, Отпан тау - ұлы шың!
Етегің елсіз, төбең бұлт,
Сен, бой түзеп тұрсың кім үшін?
Әй, құрысын, құрысын!…
Өмір зая, өлең - құт,
Тарылып кетті-ау, тынысым!…
Бір Аллаға сенгенмін,
Төсіңнен қайғы емгенмін.
Ей, Қаратау, Қаратау,
Қаратасыңа енгенмін.
Сарайым толы сары алтын,
Сарғайған жандар нәр алсын.
Мен дүниеге келгенмін –
Өлмейтін мәңгі жыр үшін!…


По теме:
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚҰРТ БОП ЖЕМЕК…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "АЙТАР СЫРЫМДЫ…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…АЙТШЫ НЕГЕ?" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ГҮЛ-ЖАПЫРАҚ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЙТА ШЫРҚАУ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЗАҚ ҚАРАП ТҰРАДЫ.." өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…ҒАШЫҚ БОЛ!" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ПАЛЕСТИНА" өлеңі

6 December, Friday