Қазақ әдебиеті  02.12.2019, 23:06

Сабыр Адайдың "ТАҢҒЫ НӨСЕР" өлеңі

Лапылдап бір күн өшемін,
Гүліндей солып көшенің.
Сәскелік ғұмыр барында,
Төгілсін таңғы нөсерім.

Азамат болсаң, бауырмын,
Алаяқ болсаң, дауылмын.
Жасыны көкті айырған,
Ақпа да - төкпе жауынмын.

Туған ел, өзің, бол, аман!
Тапқанда тұрақ моладан.
Жұпарын жырдың аңқытып,
Жусанға сіңіп жоғалам.

Жолыңа жанды жегермін,
Білмедім, саған не бердім?!…
Аңсасаң нөсер жырымды,
Тасқындап тағы келермін.


По теме:
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚҰРТ БОП ЖЕМЕК…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "АЙТАР СЫРЫМДЫ…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…АЙТШЫ НЕГЕ?" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ГҮЛ-ЖАПЫРАҚ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЙТА ШЫРҚАУ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЗАҚ ҚАРАП ТҰРАДЫ.." өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…ҒАШЫҚ БОЛ!" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ПАЛЕСТИНА" өлеңі

6 December, Friday