Қазақ әдебиеті  02.12.2019, 12:48

Сабыр Адайдың "ШЕРЛІМ-АЙ!…" өлеңі

Бақ құмар бала халқым-ай,
Мен!…
Көп тістеп жүрмін тілімді.
Қаныма тартып тарпымай.
Егеулі найза,
Епті қол,

Ер жетер ме екен бұл сөзімнің нарқына-ай?
Көне бір Түрік,
Көк Бөрі,
Хан сәулетті қағанат,
Сарыарқа,
Саумал Жетісу,
Солардан қалған аманат.
Атаның салты,
Ақ уыз
Қадірін кім біліп жатыр бағалап…
Жаттың қолы
Жарылқап
Ермедік кімге ағалап.
Тарлан да шауып
Еңістен
Таңба бір түсіп тас қалды,
Аударылып,
Астауы
Ақ Ордада ас қалды;
Денесінен
Бөлініп,
Дегдарға біткен бас қалды.
Осының бәрін ойлайтын,
Опынып шерге бойлайтын
Бөлтірік туар ма екен
Бізден де,
Қасқыр мінез қастанды?…
Жаудың жыртып
Жағасын,
Жасымен ойнар бастаңғы.
Ей, Көк Бөрім,
Көк Бөрім,
Көкке ұлыған шерлім-ай,
Күреңнің
Қанға боялып,
Күңсіп бір кеткен терлігі-ай.
Бақыр туған
Балаға
Бабаның азық ерлігі-ай.
Атаның
Атын малданған,
Ата бір жауға жалданған,
Атаңа нәлет Ездерге
Көзіңді салшы, Кер Құдай! -
Деп, түсімде сонау жыл
Қол жайып еді бір Аруақ,
Тілегің қабыл,
Қара шал,
Ұрпағың шықты ұрандап…


По теме:
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚҰРТ БОП ЖЕМЕК…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "АЙТАР СЫРЫМДЫ…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…АЙТШЫ НЕГЕ?" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ГҮЛ-ЖАПЫРАҚ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЙТА ШЫРҚАУ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЗАҚ ҚАРАП ТҰРАДЫ.." өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…ҒАШЫҚ БОЛ!" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ПАЛЕСТИНА" өлеңі

6 December, Friday