Қазақ әдебиеті  08.11.2019, 23:30

Тұманбай Молдағалиевтің "АТА ДЕЙДІ" өлеңі

Ата дейді мені Мұқаш,
Ата дейді Бекжаным.
Ата дейді жас Қарлығаш,
Көп қуанып, көп жанып.

Ата дейді мені Қожан,
Ата дейді Әбуім.
Күй кешемін сонда ғажап,
Айналамның бәрі күн.

Ата дейді мені Қасым,
Ата дейді Ақботам.
Құдай бәрін жарылқасын,
Аяласын тәтті Отан.

Әлия да ата дейді,
Ата дейді Ұлпан да.
Бәрін өзім мәпелеймін,
Барам ертіп гүл тауға.

Ата дейді Айна мені,
Ата дейді Ләйла да.
Екеуі де жан бөбегім,
Қамқор болам қайда да.

Алтынай да ата дейді,
Ата дейді Динам да.
Бірін бір жетелейді,
Бір шығады ойнауға.

Алдағының бәрін шолу,
Жұмысы ғой шалдың да.
Бар қазаққа ата болу,
Міндеті тұр алдымда.


По теме:

19 November, Tuesday