Қазақ әдебиеті  18.11.2019, 00:55

Ергөбек Құттыбайұлының "Мен жайымды айтайын" өлеңі

Мен жайымды айтайын,
Қоңырат деген ел едік
Асусыз асқар бел едік,
Шалқып жатқан көл едік,

Айдар малға кен едік.
Қаптан ғалла кеткен соң
Өңкей етті жеп едік,
Ауқат болмай нансыз, 

Қыла алмай үзір кенеліп.
Аяқты малды ада ғып,
Бай жарлыға теңеліп, 
Алдыңғы кеткен ада боп

Кейінгі аштан көп өліп,
Деп пе едік мұны көрелік?!
Өсіп өнген жер қалды,
Бір туысқан ел қалды,

Әсем жиған зер қалды,
Көре алмай туған, жақынды,
Ада қылып ақылды,
Көңілімізде шер қалды.

Қатарлап кілем жинаған,
Сатуға көзі қимаған.
Келеге бура таңдаған,

Түйесі қысыр қалмаған,
Сағындық қой ерте-кеш,
Ботаның даусын боздаған,
Қозының даусын маңраған!

Самалы салқын Сырдария,
Сағындым, көрер күн қайда?
Шық жуытпай аяққа,
Сексеуілді құм қайда?!

Бетегелі бел қайда,
Бел жайлаған ел қайда?
Қалғандай болдық қамауда,
Өсіп ек дарқан кең жайда.

Сөйлескен сөзін жарасқан,
Тырыққанда қарасқан,
Құрбы-құрдас, сен қайда?
Тағдырымыз ап келді,

Бізді айдап бұл жайға,
жаратқан жалғыз құдая,
Өзің сақта әр жайда,
Пешенеде болған соң

Жылағанмен не пайда?!
Құлшоқы, Мұзбел, Қарағым – 
Жайлаушы ек жақын-жанабын, 
Жүз түйелі, мың қойлы,

Қайдасың өңкей манабым?!
Қаптай шыққан қалың мал
Тауысқан отын даланың,
Сол өткенде бірің жоқ,

Жолаушыдан сұрасам -  
Білінбей тұр хабарың,
Іздесем қайдан табамын?

Бесшоқы, сабыр, қамырым,
Жай еді малға адырың,
Ебелек пенен бозың-ды, 
Семірткен қой мен қозымды,

Көріп ек заман мамырын.
Бәһәрі бидай ұн қылып,
Сыйысы білген қабының.
Жазық жерде үйренген,

Сыбайласы қонып сый берген.
Құда-анда, жегжат,тамырым – 
Соғымға бие таңдаған,
Үйітіп етін қаранаған,
Келе ме сондай тағы күн?!

Ұшқұдық, Тамды; Боқаным – 
Жайылған малға жағымды,
Көтеруші ек жылқы, түйе мен
Қаптаған қойдың отарын,

Сағындым даусын боздаған,
Тайлақ пенен ботаның!
Қарасақал, Қырқымбай,
Отырушы едік сыртында-ай,

Көде менен жусанға
Жататын малы былқылдай.
Жыланды да суғарып,
Құлшығаш, жандар жылқыңды-ай,

Көкпар шапқан бозбала
Кебірдің шаңы бұрқылдай,
Көрер күнім бар ма екен
Қайран ел, халық-жұртымды-ай?!

Күз болған соң өтуші ек
Жиектен бергі көдеге,
Ақ үзікке жарасқан
Қызылдан қылған дөдеге.

Мінуші едік арғымақ
Жайқалған байлап бедеге.
Ит жүгіріп, құс салып,
Шаһзадаға ұқсалып
Шығушы еккүнде төбеге,
Сол бір өткен заманым

Айналып қайтып келе ма?
Жартытөбе, Сазаным – 
Жайлаған қаланың қазағым.
Тоғайың жасыл, сыртың боз

Жайылған малға мазалым.
Қай үйге барсақ қыдырып
Отырушы едік үстінде
Атлас шайы тазаның,

Қазы мен қарта асылып
Түспейтін оттан қазаның.
Самауырынн бажылдап,
Шәйнекке шәй демделіп,

Қадақтап қант опырып,
Үйіңнен шығып базарың,
Ойлаушы ма едік сол кезде
Бұл күндердің азабын?!

Сағынған соң жерімді – 
Менің бұл жазған ғазылым!
Бағлан жеп өсіп балдырған-
Алса қолды талдырған.

Жусаны жұпар аңқытып,
Түлеген жері жаңбырдан.
Сарыала қымыз қайдасың,
Семірсе мейір қандырға?!

Қапасқа түсіп қамалған
Бүркітіне даланың – 
Жем болмады тандырнан!
Иілген жүзгенсайма-сай,

Өріске толған мал басы-ай,
Құрбы-құрдас теңдерім
Есімнен, сірә, қалмас-ай.
Сылқым Сыр,қызылқұмымды,

Бәіре малдай біздің құм,
Айта берсем термелеп
Ада болмас біздің мұң.
Екінші қайтып келер ме

Бұрынғы көрген үзір күн?
Шоқпарды сілтеп қақалмаққа,
Бастығы оның Қалданға,
Өтенін қорғап қалмаққа.

Арманы жоқ-ау демекпін
Жан қиып өткен ерлердің
Нақ осындай жұт күнен
Бізге де келер әлі күн,

Ағарып атқан үзір күн.
Тетелес інім өзіммен
Күнәділ мен Жақыбым – 
Құдайдан соңғы жақыным,

Еске түссе еліміз,
Өсіп-өнген жеріміз – 
Дал болады ақылым.
Есейдар, Құлтай, Өтеміс

Үш шалдың еді балсы,
Ішін ара болушы ед
Өкіметке таласы.
Бөтенді көрсе бірігіп,

Бір болушы еді арасы, 
Мәрелі тойда көкпар сап
Бозбалалардың сарасы,
Қариялар олжа алып,

Ғанибет екен – болжадық,
Бүгінгі күнге қарашы!

Жарылқабым сәлем де,
Сол жақтағы елдерге,
Құрбы-құрдас теңдерге!
Сағынысып келгенде,
Жаратқанға жалынам – 
Қосқай деп аман сендерге!

Ұзыната, Жанкелім,
Жанкелді келді-ау жалпы елім,
Есіме түссе есеймін
Құрбы-құрдас әр теңім.

Күнім үшін күлтілдеп
Ашына қылып мен кеттім
Тамақ үшін сарт елін.
Бұрынғы сәулет күнің жоқ,

Өскен жерде бірің жоқ,
Сандалып қалдым қаңғырып,
Табармын қайдан, халық-елім?!
Бес атаның қариясы

Кейдан мен Балғынбай,
Бұйырған дәмге біз кеттік,
Өткенде сіздер қалдың да-ай,
Ескеріңдер, ерлерім,

Әбден шаршап талдырмай!
Мен кәріпті есіңе ал,
Байландым шие, шешіп ал,
Дұшпандай қылма өші бар.

Тізеден тұрмын ылайда,
Ашыса жаның – кешіп ал!

Не таң болып атпадым,
Не күн болып батпадым,
Сақалдан жасым тарамдап – 
Халқымның зарын қаттадым,

Қайран елім қаңғырды
Қысымынан ақ патшаның.
Бұл азапты көргенше – 
Мол боп неге жатпадым?!


По теме:
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚҰРТ БОП ЖЕМЕК…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "АЙТАР СЫРЫМДЫ…" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…АЙТШЫ НЕГЕ?" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ГҮЛ-ЖАПЫРАҚ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЙТА ШЫРҚАУ" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ҚАЗАҚ ҚАРАП ТҰРАДЫ.." өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "…ҒАШЫҚ БОЛ!" өлеңі
Қазақ әдебиеті | 03.12.2019 в 09:12
Сабыр Адайдың "ПАЛЕСТИНА" өлеңі

6 December, Friday