2.png
3.png
Главная | О Конкурсе | Участники | Новости | Организаторы | Церемония | Контакты
Голосование
Нравиться ли Вам дизайн нашего сайта?

Поиск по сайту
4.png
5.png
6.png
7.png
Добро пожаловать
ПАРЫЗ 2010
Конкурс по социальной
ответственности бизнеса
Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, Национальная экономическая палата Казахстана «Союз Атамекен» и Федерация профсоюзов Казахстана в соответствии с Указом Президента РК от 23 января 2008 года № 523 «О конкурсе по социальной ответственности бизнеса «Парыз» объявляют о начале проведения конкурса по социальной ответственности бизнеса в 2010 году
Обращение (на казaхском языке)

Үндеу!

Біз, «Ұжымдық шарт жасаңдар» акциясын өткізу жөніндегі Республикалық штаб кеңесінің мүшелері!
қоғамды нығайтуды, әлеуметтік тұрақтылық және қоғамдық келісімді қамтамасыз ететін әлеуметтік диалогтар маңыздылығының артып отырғандығын назарға ала отырып,
жалпы ұлттық міндеттердің тиімді шешілуі үшін бизнес, қоғам және мемлекет мүдделері арасындағы сындарлы өзара қарым-қатынасты одан әрі дамытуға даярлығын білдіре отырып,
еліміздегі әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптарына «Ұжымдық шарт жасаңдар» жалпы республикалық акцияны өткізуге белсенді қатысуларына ықылас білдіреміз.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі форумында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «бұл акция жалпы ұлттық болуға және жұмыс берушілер мен жұмысшыларды барынша көп қамтуы тиіс» екендігін атап өтті.
2008 жылдан бастап акция өткізілгеннен бергі уақыт ішінде жасалған ұжымдық шарттардың саны 2,4 есеге өсті. Қазіргі кезде (1.03.2010ж.) қолданыстағы ұжымдық шарттардың саны 47362, яғни жұмыс істейтін кәсіпорындардың 26,0 % құрайды. 
Республиканың жұмыс істейтін кәсіпорындар құрылымы бойынша 88 % ірі және орта кәсіпорындардың ұжымдық шарттары бар, сонымен қатар шағын кәсіпорындарда 22,8% құрайды. Сауда, қызмет көрсету және қызмет, агроөндірістік кешендер саласындағы кәсіпорындар бойынша ұжымдық шарт жасау деңгейі төмен. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасаған кәсіпорындардың үлесі жұмыс істейтін кәсіпорындардың жалпы санының не бары 40% ғана құрайды.
2010 жылы акция өткізу үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары федерациясы мынаны ұсынады:
1. Акцияны өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жанындағы облыс, қала және аудан деңгейіндегі штабтар жұмысы қайта басталсын.
2. Жұмыс берушілер бірлестіктері, кәсіподақтар, еңбек және халықты жұмыспен қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік органдар басқармалары «Ұжымдық шарт жасаңдар!» жалпы республикалық акциясын өткізуге белсенді қатыссын.
3. Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық (Астана және Алматы қалалары) үшжақты комиссиялары: 
 - ұжымдық шарт жасау мәселелері жөнінде отырыстар; 
 -«Ұжымдық шарт жасаңдар» акциясын ұйымдастыру және оның мақсаты мен міндетін түсіндіру жөнінде семинарлар, конференциялар әрі дөңгелек үстелдер ұйымдастырсын; 
- еңбек құқығын бұзу қатерлерінің алдын алу және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарының жасалуын арттыру жөнінде жұмыстар жүргізсін.
4. Бірігу және ұжымдық келіссөздер жасау еркіндігі принциптері туралы, жұмыс беруші мен қызметкерлерге берілетін мүмкіндіктер туралы БАҚ-тарда сұхбат беруді ұйымдастырсын. 
5. «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты насихаттау күшейтілсін, «Ең жақсы ұжымдық шарт» номинациясына ерекше назар аударылсын.  
6. Акция нәтижесі 2010 жылдың соңында Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырысында қорытындылансын. 

Әлеуметтік әріптестік тараптарына өтініш жасай отырып, біз сіздерді акцияға қатысатындықтарыңызға және ұйымдастырылған түрде келіссөз рәсімдерін жүргізетіндіктеріңізге, ұжымдық шарттардың сапалы түрде жасалуын қамтамасыз ететіндіктеріңізге сенім білдіреміз. 
Біздің ортақ мақсатымыз – жалпы ұлттық міндеттерді ойдағыдай шешу үшін бизнес, қоғам және мемлекет мүдделері арасындағы өзара қарым-қатынасты үндестіру негізінде еліміздің экономикалық даму процесіне ықпал ету. 

Үндеуге қол қойғандар: 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен

 Вице-Министр 
Б. Нұрымбетов 


Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары федерациясынан


Төраға орынбасары
Қ. Амандықов 


«Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасынан


ҚТЭҰ Президенті
Н. Радостовец 




 
« Социально - ответственным бизнес структурам Республики Казахстан   Обращение »
Главная   |   О Конкурсе   |   Участники   |   Новости   |   Организаторы   |   Церемония   |   Контакты
  • © ПАРЫЗ 20008. Все права защищены.
  • Создание и поддержка сайта Royal Group Media