|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіподақтар федерациясымен және «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасымен бірлесіп 2010 жылы еліміздің барлық өңіріндегі үшжақты комиссиялар өкілдерінің, қызметкерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің қатысуымен «Ұжымдық шарт жасаңдар» акциясын өткізудің негізгі бағыттарын айқындау жөнінде Республикалық штабтың бейнеконференция режиміндегі кеңесін өткізді.
Кеңесті өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін қызметкерлердің құқығын қамтамасыз ету, қосымша әлеуметтік кепілдіктер мен қауіпсіз еңбек жағдайлар жасау бөлігінде іске асыруға бағытталған ұжымдық шарт қатынастарына қатысушылардың қатарын ұлғайту болып кеңейту болып табылады.
Кеңеске қатысушылар ұжымдық шарттарды жасау кезінде формализмге жол бермеу және жұмыс берушілер мен қызметкерлер бірлестігінің күш-жігерін шағын бизнес саласында ұжымдық шарттарды жасау жөніндегі жұмыстарды нығайтуға бағыттау қажеттігін атап көрсетті.
Ұжымдық шарттың тиімділігі ағымдағы жылы әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік үшжақты комиссиялардың күн тәртібінде негізгі тақырыптың бірі болады.
Мемлекеттік билік органдары тарапынан, сол сияқты қызметкерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктері тарапынан ұйымдастыру және ақпараттық іс-шараларды өткізу арқылы ұжымдық шарттарды өндірісті тиімді ұйымдастыру және еңбекшілердің құқығын қорғау үшін пайдалану қажеттігі туралы кеңейтілген түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.
|